Accessibility links

Ирак әскері экстремистерді ығыстыра бастады


Ирактың Мосул қаласы маңында жүрген "Ислам мемлекеті" радикалдық тобының адамдары. 24 қазан 2014 жыл.
Ирактың Мосул қаласы маңында жүрген "Ислам мемлекеті" радикалдық тобының адамдары. 24 қазан 2014 жыл.

Ирак әскері мен үкімет жағында соғысып жүрген күрдтердің "Пешмерга" қарулы жасақтары Ирактың солтүстік және орталық бөлігіндегі бірнеше ауданнан "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының содырларын ығыстырып шығарды.

Әскерилер күрдтердің қолдауымен бірнеше айға созылған ұрыстан соң Бағдадтың оңтүстігіндегі Джурф әл-Сахар қаласына бақылау орнатты. Елдің солтүстігінде "Пешмерга" жасақтары АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің әуе шабуылының көмегімен ИМ содырларын Зумар қаласы мен оған жақын маңдағы елді мекендерден шығарды.

Үкімет күштері бұған қоса Ирактың мұнай өндірісі орталықтарының бірі - Киркук қаласына жақын төрт елді мекенді бақылауына алды.

АҚШ қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, 26 қазанда коалиция күштері Ирактағы исламшыл экстремистердің позицияларына 20-дан аса, ал Сирияның Түркиямен шекарасындағы содырлар қоршаған Кобани қаласына бір рет соққы берген.

XS
SM
MD
LG