Accessibility links

Алматы маңындағы әскери бөлімде сарбаз қаза болған


Қазақстандық сарбаздар. (Көрнекі сурет)
Қазақстандық сарбаздар. (Көрнекі сурет)

Алматы облысы аумағындағы 5571-әскери бөлімде бір сарбаз асылып өлген деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі 19 жастағы қатардағы жауынгер А.Найзабековтің қазанның 25-і күні әскери бөлім аумағында асылып қалғанын айтады. Ол биыл желтоқсан айында запасқа шығуы тиіс болған.

Ұлттық гвардия асылып тұрған күйі табылған кезде сарбаздың ес-түссіз жатқанын, «жедел жәрдем қызметкерлері барлық реанимациялық шараларды жасағанымен, оны аман алып қала алмаған» деп хабарлаған.

Ұлттық гвардия алдын-ала жүргізілген тексеру нәтижесінде сарбаз қазасының «әскери қызметпен байланысы жоқ» деген байлам жасалғанын және қазір қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG