Accessibility links

Шекара қызметінің басшысы Нұрлан Жоламанов ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бүгін, 27 қазанда ҰҚК шекара қызметінің басшысы ұсталғаны туралы хабарлады.

ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта «ҰҚК шекара қызметінің лауазымды тұлғаларының қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану фактілерін тексеру аясында» қылмыстық іс қозғалғаны және қылмыс жасаған деген күдікпен шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламановтың ұсталғаны айтылған.

Қазір бұл іс бойынша жедел-тергеу амалдары жүрігізіліп жатыр. Істің барысын Қазақстан бас әскери прокуратурасы бақылауға алған.

Нұрлан Жоламанов шекара қызметінің басшылығына 2013 жылдың қаңтарында тағайындалған еді. Оған дейін Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG