Дубайда өтіп жатқан оныншы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапаттады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Назарбаевқа сыйлықты «Edbiz Consulting Limited» компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тапсырған.
Марапаттау рәсіміне Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Аль Мактум қатысқан.
Бұл сыйлық ислам қаржы нарығын өңірлік және халықаралық деңгейде дамыту мен ілгерілетуде жеткен табысы үшін беріледі.