Accessibility links

HRW: Қазақстан адам құқықтарын бұзып отыр


Полиция наразылық акциясы кезінде "Махаббат" тұрғын үй кешенінің ондаған тұрғынын ұстап жатыр. Астана, 6 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Полиция наразылық акциясы кезінде "Махаббат" тұрғын үй кешенінің ондаған тұрғынын ұстап жатыр. Астана, 6 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Human Rights Watch халықаралық ұйымы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Дүниежүзілік кезеңдік шолу жұмысшы тобының аясында есебін жасағалы отырған Қазақстан билігін құқық қорғаушылардың негізгі ұсыныстарын ескермеді деп сынады.

HRW мәлімдемесінде БҰҰ-ға мүше елдерге бұл мәселеге назар аударып, Қазақстан билігін реформалар жүргізуге шақыруды ұсынған.

Ұйымның Орталық Азия бойынша шолушысы Мира Риттманның айтуынша, Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы бұған дейінгі 2010 жылы БҰҰ-да жасаған есебінен кейінгі кезеңде айтарлықтай нашарлап кеткен.

Қазақстан билігі сөз бостандығын жойды, дінді, жиын өткізуді бақылауды күшейтті, ал биліктің саяси бәсекелестері түрмеге жабылды дейді HRW.

Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы ертең, 30 қазан күні Женевада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Дүниежүзілік кезеңдік шолу жұмысшы тобында екінші рет қаралады.

XS
SM
MD
LG