Accessibility links

"Роснефть" санкция салдарынан пайдадан қағылды


Мәскеудегі "Роснефть" компаниясының жанармай құю станциясы. (Көрнекі сурет).
Мәскеудегі "Роснефть" компаниясының жанармай құю станциясы. (Көрнекі сурет).

Ресейдің мемлекеттік "Роснефть" энергетикалық компаниясы биылғы жылдың үшінші тоқсанында батыс елдерінің санкцияларына байланысты табысының күрт төмендегенін мәлімдеді.

Компания биыл үшінші тоқсанда өткен жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда таза пайда 99.3 пайызға азайып, 24.4 миллион АҚШ долларын ғана құрағанын айтады. Сакнкциялар "Роснефть" компаниясының батыстық қор нарығы мен Сібірдегі мұнай кен орындарын зерттеу үшін технологияларына кіруін шектеген.

"Роснефть" бұған қоса рубль бағамының төмендеуінен де қатты зардап шеккен.

Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев қазанның 29-ы күні үкімет компнаияның қаржылық қолдау көрсету туралы өтінішін орындай алмайтынын хабарлаған. Тамыз айында "Роснефть" өзінің несие өтемдерін орындау үшін биліктен 45 миллиард АҚШ доллары көлемінде транш сұраған.

XS
SM
MD
LG