НАТО соңғы тәуліктерде Еуропа Одағының шекарасына жақын халықаралық әуе кеңістігінде Ресейдің "кәдімгідей әскери маневрлер жасап жүрген" бір топ әскери ұшақтары анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.
Альянстың хабарлауынша, "бұл - Еуропаның әуе кеңістігіндегі әдеттен тыс әуе белсенділігін көрсетеді". НАТО маневр жасаған ұшақтардың стратегиялық бомбалаушы және жойғыш ұшақтар екенін айтады. Әскери ұшақтар Балтық теңізі, Солтүстік теңіз, Қара теңіз және Атлант мұхиты аумағында қазанның 28-29-ы күндері байқалған.
Ресейлік бомбалаушы ұшақтар халықаралық әуе кеңістігін Португалия мен Испанияның батыс аймақтарына дейін кесіп өткен. Ұшақтарды анықтап, ұстау үшін Норвегия, Ұлыбритания, Португалия, Германия, Дания және Түркияның әскери-әуе күштері қатысқан. Ресей ұшақтарын анықтауға НАТО-ға кірмейтін Финляндия мен Швеция күштері де тартылған.
Ресей Украинаға басып кірген соң НАТО мен Кремль арасындағы кикілжің қырғи-қабақ соғысы кезінен бері болмаған деңгейге дейін жетті.