Accessibility links

БҰҰ Арал теңізін құтқаруда белсенділікке шақырды


НАСА-ның Арал теңізінің құрғап кеткен бөлігінің ғарыштан түсірген фотосуреті. Тамыз, 2014 жыл.
НАСА-ның Арал теңізінің құрғап кеткен бөлігінің ғарыштан түсірген фотосуреті. Тамыз, 2014 жыл.

"Өзбекстанның Үргеніш қаласында "Арал аймағындағы экологиялық апат зардабын жеңілдету жолындағы ынтымақтастық" аталатын халықаралық конференция өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун қазанның 29-ы күні басталған конференцияға қатысушыларға арнайы үндеу жолдады. Ол халықаралық донорларды "құрғап бара жатқан Арал теңізіндегі экологиялық апатпен күресте белсенді болуға" шақырған.

Өткен айда НАСА Арал теңізінің Өзбекстанға қарайтын оңтүстік бассейнінің толық құрғап кеткенін көрсететін ғарыштан түсірілген суреттерді жариялаған еді.

Пан Ги Мун "Арал теңізі толық құрғап кетуі мүмкін. Ондай жағдайда бұл апат Өзбекстан ғана емес, одан тыс аймақтарда да миллиондаған адамның өміріне зардабын тигізеді. Арал теңізінің құрғауының басты себебі - су ресурстарын орынсыз пайдалану" деген.

БҰҰ бас хатшысы "трансшекаралық су ресурстарын бірлесе пайдалану кезінде халықаралық, әсіресе аймақтық ынтымақтастықтың маңызды екенін" айтқан.

Мамандар "Арал теңізінің Өзбекстандағы бөлігінің құрғауына теңізге құятын Әмудария өзенін егіс алқаптарын суғаруға пайдалану себеп болып отыр" дейді.

XS
SM
MD
LG