Accessibility links

Алматыда полиция қызметіне орай қабылдау өтіп жатыр


Алматылық полицейлер. (Көрнекі сурет).
Алматылық полицейлер. (Көрнекі сурет).

Бүгін Алматыда ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес өкілі Әбілда Әбдікәрімов азаматтардың полицияның қызметіне шағымдары бойынша қабылдау өткізіп отыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қабылдау шарасы Алматыдағы қазақстандық Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның кеңсесінде өтіп жатыр.

ІІМ өкілі азаматттарды олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қылмыстық қудалау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы, ішкі істер органдарындағы коррупцияны жою шаралары, полиция мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі мәселелері және түрлі арыз-шағымдары бойынша жауап береді деп хабарланған.

Түске дейін ІІМ өкілінің қабылдауына екі тұрғын ғана кіріп, "соттардың қитұрқы әрекеттері" жайлы шағымданған.

Қабылдау бүгін кешкі сағат 18-де аяқталады.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG