Accessibility links

Қазақстан ИЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі жиынын өткізбек


Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. (Көрнекі сурет).
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. (Көрнекі сурет).

Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы ұйымымен (ИЫҰ) бірлесіп 2015 жылы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі алғашқы бас ассамблеяны өткізетін болды. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың ИЫҰ бас хатшысы Ияд бен Амин Маданимен кездесуінен соң белгілі болды.

Кездесуден кейін брифингте сөйлеген Ерлан Ыдырысов келіссөздерде Қазақстанның ИЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымын құру туралы ұсынысы талқыланғанын айтты. "Қазақстан ИЫҚ-мен бірге келер жылдың наурыз-сәуір айларында ұйымның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бас ассамблеясын және Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ауыл шаруашылық министрлерінің жетінші кездесуін өткізуді жоспарлап отыр" деді Ыдырысов.

XS
SM
MD
LG