Accessibility links

Швеция Палестина егемендігін мойындады


Стокгольмдегі Палестина өкілдігіндегі Палестина туы. Швеция, 30 қазан 2014 жыл.
Стокгольмдегі Палестина өкілдігіндегі Палестина туы. Швеция, 30 қазан 2014 жыл.

Швеция Еуропа елдерінің арасында алғаш болып Палестинаның егемендігін ресми түрде мойындады. Стокгольмның әрекеті Израиль билігінің қатаң сынына ұшырады.

Швеция Палестинаны егеменді ел деп танитынын бір ай бұрын білдірген. Осы елдің сыртқы істер министрі Марго Вальстромның мәлімдемесінде "Бұл - палестиналықтардың өзін-өзі анықтау құқығын айқындайтын маңызды қадам" деді.

Палестина жетекшісі Махмуд Аббас Швецияның шешімін "батыл әрі тарихи" қадам деп құптады. Ол бұған қоса, басқа мемлекеттерді де Швециядан үлгі алуға шақырды.

Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман Палестинаның мемлекеттілігін мойындауды "өкінішті шешім" деп атады. Либерманның мәлімдемесінде "Швед билігі Таяу Шығыстағы жағдай ИКЕА жиһазын құраудан да күрделі екенін түсінуі тиіс" деп жазылған.

XS
SM
MD
LG