Accessibility links

«Астана» футбол клубы Қазақстан чемпионы атанды


Футбол матчы. (Көрнекі сурет)
Футбол матчы. (Көрнекі сурет)

«Астана» футбол клубы сенбі күні өз алаңында Қызылорданың «Қайсар» клубының ойыншыларын 3-0 есебімен ұтып, Қазақстан чемпионы атағын мерзімінен бұрын жеңіп алды.

Алаң иелерінің басымдылығымен өткен матч барысында бәсекелестің қақпасына «Астана» ойыншылары Патрик Твумаси (13-минутта), Дмитрий Шомко (71-минутта) және Фокси Кетевоама (78-минутта) гол салды. Ал екінші таймның басында «Қайсар» футболшысы Илья Калинин допты астаналықтардың қақпасына дәл көздеп енгізгенімен төреші ойын ережесі бұзылған деп тауып, ол голды есептемеді.

Сол күні өткен Қазақстан премьер-лигасының тағы матчында «Астана» клубымен бірге чемпиондық атаққа басты үміткер болып келген Алматының «Қайрат» клубының ойыншылары «Ақтөбе» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, биылғы ел біріншілігінде қазірге дейін 42 ұпай жинаған «Астана» командасы өз тарихында алғаш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанып отыр.

XS
SM
MD
LG