Accessibility links

Экс-диспетчер сотқа кассациялық шағым берді


Қанат Ақылбеков апелляциялық сот отырысында. Шымкент, 27 маусым, 2014 жыл.
Қанат Ақылбеков апелляциялық сот отырысында. Шымкент, 27 маусым, 2014 жыл.

ҰҚК шекара қызметінің «Ан-72» әскери ұшағының апатқа ұшырауына байланысты сотталған «Қазаэронавигация» компаниясының Шымкенттегі филиалының бұрынғы диспетчері Қанат Ақылбеков кассациялық шағым берді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Биыл маусымның 28-інде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы Ақылбековтің шағымын қарап, оған аудандық сот тағайындаған жаза мерзімін алты жылдан төрт жылға азайтқан еді. 28 сәуірде Шымкент қаласы Абай аудандық соты Қанат Ақылбековті «абайсызда екі, не одан да көп адамның өліміне соқтырған әуе көлiгi қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу» бабы бойынша айыпты деп таныған.

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің «Ан-72» әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адамның барлығы қаза тапқан еді. Қаза тапқандардың арасында Қазақстан шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков те болған.

XS
SM
MD
LG