Accessibility links

Қызылордада спорт алаңына үй салуға қарсылық танытты


Бүгін Қызылорда қаласында жекеменшік колледждің спорт алаңына көпқабатты тұрғын үйлер салынуына студенттер мен оқытушылар және тұрғындар наразылық танытты.

Азаттық тілшінің хабарлауынша, қаланың Титов шағынауданында орналасқан инженерлік-технологиялық колледжі аумағында болған наразылық шарасына ондаған студент, колледж оқытушылары мен жергілікті тұрғын қатысқан. Наразылық танытушылар спорт алаңын бұзып, орнына көпқабатты тұрғын үй салынуына қарсы. Тұрғындар алаңды студенттерден бірге өздерінің де жаттығуға пайдаланып жүргенін айтады.

Қызылорда қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Мырзахмет Дүйсебаевтың айтуынша, спорт алаңы орналасқан жер "мемлекеттің балансында". "Бұрын колледжді жекешелендірген кезде спорт алаңы аумағы колледж құрамына қосылмай қалған" дейді ол. Спорт алаңының жекешелендіру кезінде колледж құрамына кіргізілмей қалғанын тұрғындар да білетін болып шыққан.

Спорт алаңы қазір бұзылып, орнына үй салынып жатыр.

XS
SM
MD
LG