Алматы қаласында атмосфералық ауаның ластану индексі былтырғымен салыстырғанда аз ғана төмендеп, 11.2 бірлікті құрады деп хабарлады BNews сайты.
Алматы қалалық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Батырбаевтың айтуынша, биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша қалада атмосфералық ауаның ластану индексі 11.2 бірлікті құрап, өткен жылдың осы мерзімдегі көрсеткішінен (11.5 бірлік) 0.3 бірлікке ғана төмендеген.
«Бұл Алматыда ластану көрсеткішінің төмендеуі оң үрдіспен жүріп жатқанын көрсетеді» деді Батырбаев.