Accessibility links

Қазақстанда еңбек дауын ереуілсіз шешуді үйретпек


"Қаражанбасмұнай" компаниясының ереуілдеп тұрған жұмысшылары. Маңғыстау облысы, мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
"Қаражанбасмұнай" компаниясының ереуілдеп тұрған жұмысшылары. Маңғыстау облысы, мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда жұмысшыларға еңбек дауын ереуілге шықпай шешу жолдарын үйрететін болды деп хабарлады бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов Астанадағы брифингте.

Оның айтуынша, министрлік Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып жұмысшыларды еңбек заңнамаларының негіздеріне жаппай үйрету жұмыстарын ұйымдастырмақ.

«Құқықтық сабақтар арқылы еңбек дауларында туындайтын қауіп-қатерлерді азайтуды жсопарлап отырмыз. Өткен екі жылмен салыстырғанда ереуілдердің азайғанын байқауға болады. Жұмысшының ереуілге шығуға толық құқығы бар екенін түсінеміз, бірақ бұл үрдіс енді азаюы тиіс» деген Сарбасов.

Қазақстанда өндірістік кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбек талаптарымен наразылық танытуы сирек емес. Солардың бірі – 2011 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы мұнайшылардың бірнеше айға жалғасқан наразылығы сол жылы 16 желтоқсанда полицияның шерушілерге оқ атып, 16 адамның қаза табуымен аяқталған еді.

XS
SM
MD
LG