Accessibility links

Мұнай бағасы 77 доллар болып белгіленді


Exxon Mobil компаниясының Техас штатындағы мұнай өңдеу кәсіпорны, АҚШ. (Көрнекі сурет).
Exxon Mobil компаниясының Техас штатындағы мұнай өңдеу кәсіпорны, АҚШ. (Көрнекі сурет).

Нью-Йорк қор биржасында АҚШ-тың Техас штатында өндірілген мұнайдың WTI сортының желтоқсан айына белгіленген бағасы соңғы үш жылда болмаған деңгейге түсті. Сауда-саттықтың соңғы сәтінде мұнай бағасы 77 доллар 19 центті құрады.

Сарапшылар мұнай бағасының төмендеуін Сауд Арабиясының АҚШ-қа экспорттайтын мұнай бағасын арзандатуымен байланыстырады. Мамандар Сауд Арабиясы мұнай бағасын құны қымбат тақтатастан мұнай өндіру көлемін күрт арттырған америкалық өндірушілерге қысым көрсету және АҚШ нарығында өзін Канада, Венесуэла, Мексика сияқты мұнай экспорттаушы елдердің бәсекесінен қорғау үшін арзандатып отыр дейді.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, мұнай бағасының арзандауы жалпы алғанда әлем экономикасына оң ықпал етіп, инвестиция мен тұтыну шығындарының өсіміне жағдай жасайды. Бірақ, мұнай бағасының арзандауы экономикасы мұнайға тәуелді елдерге кері әсер етуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG