Accessibility links

Қалалық мәслихаттар депутаттары жайлы сайт құрылды


Кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматыдағы №263 сайлау учаскесі, 15 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматыдағы №263 сайлау учаскесі, 15 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда барлық қалалық мәслихат депутаттары туралы мәліметтер жинақталған сайт құрылды деп хабарлайды «Время» газеті.

Басылымның жазуынша, сайтты қазақстандық қоғамдық белсенділер электорат депутаттарын біліп жүруі және олардың сайлауалды бағдарламасын орындауын бақылау үшін құрылған.

«Адам құқықтары: ақпарат, коммуникация, басқару» жобасы аясында «Эхо» қоғамдық бірлестігі құрған сайтқа Еуропалық комиссия қаржылай қолдау көрсеткен.

Сайтты құруға қатысқан Павлодар қаласындағы «Десант» қоғамдық қорының өкілі Сергей Гуляев елдегі қалалық мәслихаттар аппараттарының жартысынан көбі өз сайлау округтерінің шекарасы туралы карталарын көрсетуден бас тартқанын айтады.

Қоғамдық белсенділер енді Қазақстандағы облыстық мәслихаттар мен парламент депутаттары туралы ақпарат жинауды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG