Accessibility links

АҚШ Конгрессінде республикашылар басым болды


АҚШ-та өткен аралық сайлауда дауыс беріп жатқан адамдар. 4 қараша 2014 жыл.
АҚШ-та өткен аралық сайлауда дауыс беріп жатқан адамдар. 4 қараша 2014 жыл.

АҚШ парламенті - Конгресске өткен аралық сайлаудың алдын-ала мәліметтері бойынша Республикалық партия жеңіске жеткен.

Жергілікті уақытпен түнгі сағат он бірдегі алдын-ала мәліметтерге сәйкес, республикашылар сенатта елу бір дауыс жинап, Конгресстің қос палатасында да басымдыққа ие болған. Дауыстар саналып жатқан тағы үш штатта республикалық партия өкілдерінің жеңіске жетуге мүмкіндігі бар.

Республикашылар сенат сайлауында Монтана, Колорадо, Батыс Вирджиния, Оңтүстік Дакота, Арканзас, Солтүстік Каролина және Айова штаттарында жеңіске жеткен.

Кандидаттардың бір де бірі елу пайыздан астам дауыс жинай алмаған Луизиана штатында желтоқсан айында қайта сайлау өтеді. Бұл штатта республикашыл кандидаттың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары деп бағаланып отыр.

АҚШ-та қарашаның 4-і күні Конгресстің өкілдер палатасындағы барлық депутаттың, ал сенатта - 100 депутаттың 36-сының орнына сайлаулар өткен.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, республикашылар Конгресстің өкілдер палатасында 242-ден көп орынды иеленіп, басымдығын нығайта түспек.

XS
SM
MD
LG