Accessibility links

Порошенко: Донбассқа тиісті жаңа келісім қажет


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 4 қараша 2014 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 4 қараша 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Донбасстағы жағдайды реттеуді Женева форматында реттеу туралы келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Порошенко бұл жайында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы сөйлескенде айтты.

Украина, Ресей, Еуропа Одағы және АҚШ арасындағы Донбасстағы жағдайды реттеу туралы келіссөздер сәуір айында Женевада өткен. Оның нәтижесінде Донбасстағы заңсыз қарулы құрылымдарды қарусыздандыру, басып алынған әкімшілік нысандарын босату және Украинадағы үкіметке қарсы шыққандарға рақымшылық жасау туралы уағдаластық жасалған.

Порошенко телефонмен әңгімесінде Порошенко Киевтің Украинаның шығысындағы қақтығысты Минск келісіміне сәйкес бейбіт түрде шешуге ынталы екенін білдірген.

Джон Керри АҚШ-тың Украинаны және Порошенконың саясатын қолдайтынын білдірген. Тараптар АҚШ вице-президенті Джозеф Байденнің қарашаның 21-і күні Украинаға сапарында талқылаған.

XS
SM
MD
LG