Accessibility links

Донецкіде атыстан екі жасөспірім мерт болды


Донецкіде атыстан қираған үй. 5 қараша 2014 жыл.
Донецкіде атыстан қираған үй. 5 қараша 2014 жыл.

Донецк әуежайына жақын маңдағы мектеп ауласына снаряд түсіп, екі жасөспірім қаза тапты. Төрт жеткіншек жараланған. Жасөспірім балалар футбол ойнап жүрген.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы жасөспірім балалар мерт болған шабуыл "мұқият тергелуі тиіс" екенін мәлімдеп, Украинаның шығысында қақтығысқан екі тараптың да бейбіт тұрғындарды қорғай алмай отырғанын айтты.

Бұған дейін Донецкідегі атыс кезінде бір бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше адам жараланғаны туралы хабарланған еді. Үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер қыркүйектің 5-і күні Минскіде жасалған бейбіт келісімді бұзды деп бір-бірін айыптап жатыр.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер қақтығысы сәуір айында басталған еді. Одан төрт мыңнан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG