Accessibility links

Ресей мен Сербия әскери жаттығу өткізбек


Ресейлік десантшылар. Ставрополь. (Көрнекі сурет).
Ресейлік десантшылар. Ставрополь. (Көрнекі сурет).

Ресей мен Сербия серб территориясында бірінші рет бірлескен антитеррористік жаттығу өткізуге дайындалып жатыр. Азаттықтың Белградтағы тілшісінің хабарлауынша, қарашаның 6-сында Сербия астанасына ресейлік төрт ИЛ-76 әскери ұшағы келіп қонған.

Ресей қорғаныс министрілігіне сілтеме жасаған ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаттығуға Ресейдің Тула облысының десантшылары қатысады. Олар Сербияға таяу күндері келуі тиіс.

Жаттығу Войводин провинциясының Никинцы ауданында өтеді. Сербиялық әскери сарапшы Любодраг Стоядинович Азаттыққа Сербия территориясында ресейлік әскерилердің қатысуымен бұрын-соңды мұндай көлемдегі бірлескен әскери жаттығу болмағанын айтады. Ол Мәскеу жаттығу өткізу арқылы Еуропада одақтасы барын көрсеткісі келеді дейді.

XS
SM
MD
LG