Accessibility links

AI: Өзбекстан қамаудағы тұтқынды азаптап отыр


Amnesty International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Amnesty International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресейде ұрланып, күшпен отанына жіберілген Өзбекстан азаматы Мирсобир Хамидкариевтің тағдырына алаңдаушылық білдірді.

AI мәлімдемесінде ресейлік полицейлердің маусым айында өзбек бизнесменін ұрлап, бір күннен кейін Өзбекстанға салып жібергені айтылады.

Ұйым мәлімдемесінде Хамидкариевпен өткен аптада Ташкентте жолыққан қорғаушысына сілтеме жасайды. Хамидкариевтің қорғаушысы полицейлердің бизнесменді азаптап, екі ай бойы оны "террористік әрекеттер жасағанын" мойындатуға тырысып жатқанын айтқан. Құқық қорғаушылар бизнесмен тағы да азапталып, әділ сотқа тартылмайды деп қауіптенеді.

Ұйымның мәліметінше, билік Хамидкариевке "тыйым салынған экстремистік ұйым құрды" деп айып таққан. Бірақ бизнесмен айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG