Accessibility links

Олланд "қателіктер жасағанын" мәлімдеді


Франция президенті Франсуа Олланд TF1 телеарнасынан сөйлеп тұр. 6 қараша 2014 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд TF1 телеарнасынан сөйлеп тұр. 6 қараша 2014 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд "президенттік қызметінде қателіктер жасағанын" мәлімдеді.

Қарашаның 6-сы күні француз телеарнасынан сөйлеген Олланд "ел басқару ісінде қателіктер жібергенін мойындап", бірақ "солай бола тұра, дағдарысты бастан өткеріп жатқан елде жүргізіліп жатқан реформаларды соңына дейін жеткізуге дайын екенін" білдірді.

Ол "егер қызметке келген екі жарым жыл ішінде жұмыссыздықты азайта алмаған болса, келесі президенттік сайлауға түспейтінін" де айтты.

Франсуа Олландтың сайлаушылар арасындағы беделі соңғы кезде төмендеп кетті. Қоғамдық сауалнама нәтижесіне қарағанда, ол соңғы жарты ғасырда халық тарапынан ең аз қолдауға ие болған президент атанып отыр.

XS
SM
MD
LG