Accessibility links

Қамалған Қоянды тұрғыны туыстары жиын өткізді


Баспасөз жиынын өткізіп отырған Қоянды ауылының тұрғындары. Астана, 7 қараша 2014 жыл.
Баспасөз жиынын өткізіп отырған Қоянды ауылының тұрғындары. Астана, 7 қараша 2014 жыл.

Бүгін Астанада қала іргесіндегі Қоянды ауылындағы дауға қатысты зардап шеккендер баспасөз жиынын өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиында өздерін "жәбірленушіміз" деп таныстырған тұрғындар Баймұрат Соңғыбай, Гүлісхан Домалай сөйледі.

Соңғыбай Баймұраттың айтуынша, полиция он шақты күн бұрын қарындасы Амангүл Соңғыбайды "заңсыз жер сатты" деп, қамап тастаған. "Заңсыз, дәлелсіз қамап тастады. Мектеп жасындағы үш баласын маған қолхатпен тапсырды" дейді. Баймұрат "қарындасының қамалуына қатысты шағымданатынын" айтып, босатуды талап етті.

Қояндылық Баймұрат Соңғыбайдың сөзі
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:38 0:00

Гүлісхан Домалай қарашаның 5-сі күні Астанада Қояндыдағы жер дауына байланысты баспасөз жиынын өткізіп жатқанда "балалары отырған үйіне ер адам келіп, пешіне белгісіз зат тастағанын", "ол шығып кеткен соң пеші жарылғанын" айтты.

Жиынға "Халықтық антикоррупциялық комитет" қорының өкілдері мен құқық қорғаушылар қатысты.

Тұрғындар жиынға Целиноград ауданы, Қоянды ауылының әкімдері, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті, бас прокуратура өкілдері шақырылғанын, бірақ ешқайсысы келмегенін айтты.

Қоянды ауылдық округінің әкімі Алтынай Мейірханқызының Азаттыққа берген мәліметіне қарағанда, бұл ауылдағы 167 үй мемлекеттің және жеке шаруашылықтардың, жеке азаматтардың жерлеріне заңсыз салынған. Әзірге 15 үйді бұзу туралы іс сотта қаралып жатыр. Тағы бес үйдің құжаты сотқа әзірленіп жатыр.

XS
SM
MD
LG