Accessibility links

Қазақстан Қырғызстанға электр қуатын сатады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Астана, 7 қараша 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Астана, 7 қараша 2014 жыл.

7 қараша күні "Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев электр энергиясын сату, сатып алу туралы келісімге қол қойды" деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Екі ел президенттерінің Астанадағы кездесуінен кейін өткен баспасөз жиынында Назарбаев "келісім бойынша, Қазақстан биыл Қырғызстанға 400 миллион киловатт, ал келесі жылы 1 миллиард 400 миллион киловатт электр қуатын сататынын" айтты. Бірақ электр энергиясының қандай бағамен сатылатыны айтылмады.

Назарбаевтың сөзіне қарағанда, Қырғызстан жағы Қазақстанның суармалы танаптарына су беру келісімін орындауға уәде берген.

Қазір Астанада Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің 4-жиыны өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG