Accessibility links

Алматыда ауыр атлетикадан әлем жарысы басталды


Қазақстандық ауыр атлет Мая Манезаның Лондон олимпиадасында штанга көтеріп жатқан кезі. 31 шілде. 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін, 8 қараша күні Алматыда басталған ауыр атлетикадан әлем біріншілігіне 78 елден 680 астам спортшы қатысады.

Әуелгіде Қазақстан құрамасы қатарында бұл жарысқа 19 спортшы қатысады деп жоспарланған еді. Бірақ, соңғы сәтте Лондон олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова жаттығу кезінде жарақат алып, жарысқа қатыспайтын болды.

Лондон олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшылар – Зүлфия Чиншанло жарысқа 10 қарашада, Мая Манеза - 13 қарашада, Илья Ильин - 16 қарашада шығады.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 16-қарашада аяқталады. Келер жылғы әлем чемпионаты АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG