Accessibility links

Пхеньян АҚШ-тың екі азаматын босатты


АҚШ азаматы Мэтью Миллер (ортада) Солтүстік Корея жоғарғы сотында өзіне қарсы процесте отыр.
АҚШ азаматы Мэтью Миллер (ортада) Солтүстік Корея жоғарғы сотында өзіне қарсы процесте отыр.

АҚШ президенті Барак Обама өз елінің азаматтары – Мэттью Миллер мен Кеннет Баені қамаудан босатқаны үшін Солтүстік Корея билігіне ризашылық білдірді. Бостандыққа шыққан бұл екі адам АҚШ-қа аттанып кеткен. Қазан айының соңында Солтүстік Корея тағы бір АҚШ азаматы Джеффри Фоулге еркіндік берген еді.

Бұған дейін Вашингтон Пхеньянды тұтқында ұстап отырған АҚШ азаматтарын дипломатиялық амалдың құралы ретінде пайдаланғысы келеді деп айыптаған болатын.

Биыл жазда Солтүстік Кореяға турист болып барған Мэттью Миллерді қыркүйек айында Солтүстік Корея билігі «дұшпандық іс-әрекеті» үшін айыптап, алты жылға соттаған еді. Америкалық діни миссионер, тегі корейлік Кеннет Бае «тыйым салынған әдебиетті таратты» және «қазіргі билікті құлатуға әрекет жасады» деген айыппен 2012 жылы 15 жылға түрме жазасына кесілген.

XS
SM
MD
LG