Accessibility links

"Берлин қабырғасы" құлауының 25 жылдығын атап өтті


Германия канцлері Ангела Меркель мен Берлин мэрі Краус Воверайт Берлин қабырғасының сақталып қалған бөлігінде тұр. 9 қараша 2014 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель мен Берлин мэрі Краус Воверайт Берлин қабырғасының сақталып қалған бөлігінде тұр. 9 қараша 2014 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель Берлинде қырғи-қабақ соғыс кезеңінде елді екіге бөліп тұрған Берлин қабырғасының құлауына 25 жыл толуына арналған үш күндік салтанатты шаралардың жабылуында сөз сөйледі. Социалистік Шығыс Германияда туып-өскен Меркель "Ширек ғасыр бұрын Берлин қабырғасының құлауы - қазіргі заманның езілген халықтарына үлкен үндеу болды" деді.

"Берлин қабырғасының құлауы тағдырды жасау мен өмірді жақсарту өз қолымызда екенін көрсетеді. Бұл германиялықтарға, Еуропа мен әлемнің басқа да халықтарына, әсіресе адам құқықтары бұзылып жатқан Украина, Сирия, Ирак және тұрғындарына белгі береді" деді.

Меркель 1938 жылы қарашада Германияда Гитлердің бұйрығы бойынша еврейлердің дүние-мүліктері қиратылған "Хурсталь түні" оқиғасы болғанын айтты. Германия канцлері "Мен сондықтан тек қуаныш сезімін ғана емес, тарихи жауапкершілік барын да сезінем" деді.

XS
SM
MD
LG