Accessibility links

Обама: Батыс пен Иран арасында қайшылық бар


АҚШ президенті Барак Обама CBS телеарнасына сұхбат беріп отыр. 9 қараша 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама CBS телеарнасына сұхбат беріп отыр. 9 қараша 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Тегеран мен батыс державалары арасында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әлі де «үлкен алшақтық» бар деп мәлімдеді. Ол көп жылға созылған қарсылыққа нүкте қоятын келісім жасасу әзірге мүмкін болмай отырғанын айтты.

Американың CBS телеарнасына берген сұхбатында Обама Иран келіссөздерге экономикалық санкциялар әсерінен барғалы отырғанын атап өткен. Ол келіссөздерді аяқтап, түпкілікті келісім жасау үшін Тегеранның «Иранның ядролық қару жасай алмайтынына сенімді, тексерілген дәлел ұсынуы» қажет екенін айтқан. Келіссөз жүргізуші тараптар арасында дәл осы мәселеде келіспеушілік бар дейді Обама.

Қарашаның 24-іне дейін Тегеранмен түпкілікті келісімге қол қойылуы тиіс еді. Қарашаның 9-ы күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри, Еуропа Одағының кеңесшісі Кэтрин Эштон мен Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф Оманда келіссөз өткізген. Толық құрамдағы делегацияның кеңесулері қарашаның 18-інде қайта жалғасуы тиіс.

XS
SM
MD
LG