Accessibility links

Зарина Дияс WTA рейтингісінде 33-орынға шықты


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) бүгін жариялаған жаңа рейтингте 33-орынға көтерілді.

Өткен аптадағы рейтингте 34-орында болған Дияс жаңа тізімде бір сатыға көтерілген. Қазір оның еншісінде 1371 ұпай бар. Бұл – 20 жастағы теннисшінің рейтингтегі ең үздік көрсеткіші.

Биыл Уимблдон жарысының төртінші, Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне дейін жеткен Зарина Дияс Осакада өткен Жапония ашық чемпионатының финалына шықты.

Жаңа рейтингте Диястан басқа қазақстандық тағы екі теннисші көрсеткіштерін жақсартқан: Ярослава Шведова 66-орыннан 65-орынға көтерілсе, Юлия Путинцева 113-орыннан 109-сатыға жоғарылаған.

WTA рейтингіндегі үздік үштікте Серена Уильямс (АҚШ), Мария Шарапова (Ресей) және Симоне Халеп (АҚШ) тұр.

XS
SM
MD
LG