Accessibility links

Сепаратистер басшысы Донецкіге оралды


Донецкідегі сепаратистер жетекшісі Павел Губарев. Қыркүйек 2014 жыл.
Донецкідегі сепаратистер жетекшісі Павел Губарев. Қыркүйек 2014 жыл.

Украинаның шығысында өзін-өзі жариялаған бұрынғы "халық губернаторы" Павел Губарев Ресейде емделгеннен кейін сепаратистер бақылауындағы Донецк облысына қайтып оралды.

Губаревтің көмекшісі оның "қастандық жасалғаннан кейін" жатқызылған Дондағы Ростов ауруханасынан емделіп шыққанын хабарлады.

Өткен айда ресейлік ақпарат құралдары Донецк жолында белгісіз біреулер Губаревтің көлігін атқылағанын хабарлаған. Атқылау салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, ағашқа барып соғылған. Губаревтің өзі ауыр халде ауруханаға түскен. Оқиғаға дейін "халық губернаторы" Facebook-те "маңызды мәлімдеме" жасайтынын жазған еді.

XS
SM
MD
LG