Accessibility links

Обама мен Путин Пекинде Украина жайлы тілдесті


АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин Азия-Тынық мұхит аймағы экономикалық саммитінде. Пекин, 11 қараша 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин Азия-Тынық мұхит аймағы экономикалық саммитінде. Пекин, 11 қараша 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир путин мен АҚШ президенті Барак Обама Пекинде өтіп жатқан Азия-Тынық мұхит аймағы экономикалық саммитінің арасында бірнеше рет аз-кем сөйлесіп қалды.

Пекинде Обаманы бастап жүрген АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Бернадетте Михан агенттіктерге Барак Обаманың бүгін күн барысында Владимир Путинмен барлығын қосқандағы ұзақтығы 15-20 минут сөйлескенін, әңгіме негізінен Иран, Сирия және Украина туралы болғанын айтты.

Саммит қарсаңында Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донецк облысында айырым белгісі жоқ әскерилер мен әскери техникалардың батыс бағытқа жылжып бара жатқаны туралы хабарлар пайда болған.

Қарашаның 10-ында АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейді Украинадағы сепаратистерді "танкімен және ауыр қару-жарақпан қамтамасыз етіп отыр" деп айыптап, Мәскеуді Украина дағдарысын ушықтырмауға шақырған.

XS
SM
MD
LG