Еуропа Одағының (ЕО) көршілік саясат және сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан Азаттыққа ЕО Ресейге салған санкцияларын жеңілдетпейтінін мәлімдеді.
Оның сөзінше, ЕО Украина дағдарысын реттеу жөнінде Минскіде қыркүйектің 5-інде жасалған бейбіт келісімнен соң санкцияларды жеңілдету жайын талқылай бастаған. Бірақ, Украинаның оңтүстік-шығысындағы соңғы апталарда болып жатқан оқиғалар Брюссельді санкцияларды жұмсарту ниетінен қайтарған.
Хан ЕО-ның бірқатар елдері, керісінше, Ресейге санкцияларды қатаңдатуды талап етіп жатқанын айтады.
Йоханнес Хан жаңа жылға дейін Украинаға барғалы отырғанын және 2015 жылы ЕО-ның Украинаға донор болатын елдер конференциясын өткізетінін де айтты.