Accessibility links

Пекинде АҚШ пен Қытай басшылары келіссөз өткізеді


Қытай мен АҚШ басшылары кездесті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

ВИДЕО: АҚШ президенті Барак Обаманың құрметіне арналған салтанатты рәсім. Пекин, Қытай, 12 қараша 2014 жыл.

Бүгін Пекинде АҚШ президенті Барак Обама мен Қытай президенті Си Цзиньпин кездесіп, екіжақты келіссөздер өткізеді.

Обама Пекинде қарашаның 10-ы мен 11-інде өткен Азия-Тынық мұхит аймағы экономикалық саммитіне қатысқан.

Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Обама мен Путин кездесуде екі елдің өз іс-қимылдары, оның ішінде әскери жаттығулар өткізетіні туралы бір-бірін ескертіп отыруын қамтитын бағдарламасын жарияламақ.

Вашингтон Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіне қатысты саясатына алаңдаушылық білдіреді.

Пекин Вашингтонның Азияға «бет бұру» саясатын Қытайдың азиялық супердержава ретінде қалыптасуына қарсы әрекет деп бағалайды.

Бүгін кешке президент Обама Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының саммитіне қатысу үшін Мьянмаға барады.

XS
SM
MD
LG