Бүгін Ақмола облысы аумағындағы Астана-Ерейментау күре жолында қала маңындағы Қоянды ауылынан Астанаға қатынайтн жолаушылар автобусы аударылып қалды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
"Қазавтожол" мекемесінің ақпаратына қарағанда, автобуста 60 жолаушы болған. 10 адам зардап шегіп, Астанадағы ауруханаға жеткізілген.
Алдын-ала болжам бойынша, жол апатына көктайғақ себеп болуы мүмкін. Қазір оқиға орнында тексеру жүргізіліп жатыр.