Accessibility links

ДСҰ: Эбола құрбандары саны 5 мыңнан асты


АҚШ әскерилері дәрігерлерге Эболадан қорғайтын биологиялық киімді дұрыс киюді үйретіп жатыр. Либерия, 9 қараша 2014 жыл.
АҚШ әскерилері дәрігерлерге Эболадан қорғайтын биологиялық киімді дұрыс киюді үйретіп жатыр. Либерия, 9 қараша 2014 жыл.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) мәліметтері бойынша, Батыс Африканың Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде қауіпті Эбола вирусынан қаза тапқандар саны бес мыңнан асты.

Қарашаның 9-ы күнгі дерекке қарағанда, бұл үш елде вирус жұқтырған 14 мың 68 адамның 5 мың 147-сі қайтыс болған. Вирус тараған басқа бес ел - Нигерия, Сенегал, Мали, Испания және АҚШ-та Эболаға шалдыққан 30 адамның 13-і дүние салған.

АҚШ билігінің мәлімдеуінше, желтоқсан айында Либерияға медициналық блоктарды салу үшін үш мыңдай әскерилер жіберіледі. Қазір Либерияда АҚШ-тың екі мың әскері тұр. АҚШ әуелде бұл елге төрт мың әскери қызметкер жібермек болған еді.

XS
SM
MD
LG