Accessibility links

Литва 1991 жылғы шерудің жаншылуын тергеуді аяқтады


Литва 1991 жылы Вильнюста совет әскерінің демократияшыл демонстранттарды басып-жаншуына қатысты тергеуді аяқтады.

Литва бас прокуратурасының хабарлауынша, Совет одағы құлауы қарсаңында совет сарбазы немесе офицері болған Ресей, Беларусь және Украинаның 69 азаматы адамзатқа қарсы және әскери қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Прокуратура күдікке ілінгендердің көпшілігі шетелдерде жүргендіктен Еуропада олардың үстінен іздеу жарияланғанын және тергеу материалдары сотқа 2015 жылы мамыр айының 12-сінен кейін жіберілетінін айтады.

1991 жылы қаңтардың 13-інде наразылық танытушылар мен совет әскері арасындағы қақтығыста он төрт бейбіт белсенді қаза тапқан. Бұл демонстранттар Вильнюскке 1990 жылы Совет одағынан тәуелсіздігін жариялаған үкіметті қорғауға барған болатын. Совет одағы 1992 жылы желтоқсанда құлады. Ал Литва 2004 жылы Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше болды.

XS
SM
MD
LG