Accessibility links

Наурызбай ауданы тұрғындары шағымданды


Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшам ауданы тұрғындарының баспасөз мәслихаты. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.
Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшам ауданы тұрғындарының баспасөз мәслихаты. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.

Алматы қаласында жаңадан ашылған Наурызбай ауданы Шұғыла ықшам ауданының тұрғындары бүгін үй дауына қатысты баспасөз жиынын өткізді.


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиынға қоғамдық белсенділер және Шұғыла ауылының жиырмаға жуық тұрғыны қатысты.

Шұғыла ауылы тұрғындары "Жеріміз заңды болса да үйімізді сүру туралы заңсыз шешім шығарып жатыр. Әкімдіктегілер үйіміздің орнына тек жер ұсынып, соған өздерің үй салып алыңдар дейді" деп шағымданады. Жиынға келген Шұғыла шағын ауданының Алмас есімді тұрғыны «Ауыл ішінде күні-түні арнайы жасақ өкілдері қару жарақпен жүреді. Біреу артық бір шеге қақса, келіп қорқытады. Тіпті кейбіреулерін заңсыз әрекет етті» деп қамап тастап жатыр» деді Азаттық тілшісіне.

«Біз әр жексенбі сайын жиналамыз. Сол жиынға келіп халыққа түсінік жұмысын жүргізіңіз деп аудан әкімі Қуаныш Қашқынбаевты қанша шақырсақ та келмей қойды» дейді ауыл тұрғындары.

Азаттық Алматы қаласы әкімдігіне хабарласқанда, «қала әкімінде жиналыс болып жатқанын,әкімдік қызметкерлерінің түгел сонда екенін» айтылды.«Наурызбай ауданы әкімдігінде қазір тұрақты орын болмағандықтан қызметтік телефондары да жоқ» дейді қала әкімінің қабылдау бөлімі.

Шұғылалықтар қарашаның қарашаның 16-сы күні тағы да жиын өткізетіндерін айтты.

XS
SM
MD
LG