Accessibility links

Индонезияда күшті жер сілкінісі тіркелді


Жер сілкінісінен зардап шеккен үй. (Көрнекі сурет)
Жер сілкінісінен зардап шеккен үй. (Көрнекі сурет)

Бүгін Индонезияның шығысында 7,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Тернате аралынан 150 километр қашықтықта, теңіз бетінен 47 километр тереңдікте болған.

Гавайдағы Тынық мұхиттағы цунами қаупінен сақтандыру орталығы жер сілкінісі эпицентрінен 300 километрлік радиус аймағында цунами пайда болуы ықтимал деген болжам жасап отыр.

XS
SM
MD
LG