Accessibility links

Гонконгте белсенділерді Пекинге жібермеді


Гонконгтегі наразылық шеруіне шыққандар. 28 қазан 2014 жыл.
Гонконгтегі наразылық шеруіне шыққандар. 28 қазан 2014 жыл.

Гонконгтен Қытай астанасына барып, билік өкілдерімен кездеспекші болған үш қоғамдық белсендіні Пекинге жібермей қойды.

Әуежайда оларға қытай билігі ұшуға рұқсат бермегенін айтқан деп хабарлады сенбі күні Гонконг студенттер федерациясы.

Қытайдың ерекше аймағы Гонконгте 2017 жылға тағайындалған аймақ басшысын сайлау демократиялық жолмен еркін өтуін талап еткен наразылық шеруі қыркүйектің соңында басталып, бір айдан аса уақытқа жалғасқан еді. Полиция шеруді тарату үшін наразылар құрған баррикадалардың бір бөлігін бұзып, демонстранттарға көзден жас ағызатын газ шашқан. Бірақ билікке бағынбаған наразылар көшеден кетпей қойған.

Гонконг шеруінде қойылған талаптың Бүкілқытай халық жиынында қабылданған шешімге қайшы екенін алға тартқан қытай үкіметі сайлауға түсетін кандидаттарды өзі ұсынғысы келеді.

XS
SM
MD
LG