Accessibility links

Еуро-2016 іріктеу турында Қазақстан Түркиядан ұтылды


Еуропа чемпионатына іріктеу кезінде Қазақстан мен Түркия арасындағы ойын. (Көрнекі сурет)

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу жарысы аясында Түркия құрамасымен кездескен Қазақстан командасы 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

Стамбулда өткен матчтың 26-минутында Түркия құрамасынан Бурык Йылмаз Қазақстан командасының қақпасына алғашқы допты пенальтиден кіргізді. Араға үш минут салып, Бурык Йылмаз Қазақстан қақпасына екінші гол соқты. Ал 83-минутта Сердар Азиз есепті 3:0-ге жеткізді. Қазақстан құрамасынан ойынның 87-минутында Самат Сымақов бәсекелестің қақпасына пенальтиден доп салды. Ойын 3:1 есебімен, Түркия командасының жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін Еуропа чемпионатына іріктеу барысында А тобында Қазақстан Латвиямен тең түсіп, Голландия және Чехиядан ұтылған еді. Қазір Қазақстан өз тобында Чехия, Исландия, Голландия, Түркия мен Латвиядан кейін соңғы орында тұр.

Қазақстан футбол командасы келесі ойынын 2015 жылы маусымның 28-і күні Астанада Исландия құрамасымен өткізеді.

XS
SM
MD
LG