Accessibility links

Серік Ахметов үйқамаққа алынды


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.

Бұрынғы премьер-министр және экс-қорғаныс министрі Серік Ахметовке коррупциялық айып тағылып, үйқамаққа алынды деп хабарлайды бүгін мемлекеттік қызмет және коррупциямен күрес істері жөніндегі агенттіктің баспассөз қызметі.

"Қарағанды облысының бұрынғы басшылығының үстінен қозғалған қылмыстық істер аясында Серік Ахметовке де айып тағылып, Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының санкциясымен үйқамаққа алынды" делінген агенттіктің ақпаратында.

Әзірге басқа мәліметтер тергеу құпиясына байланысты жарияланбаған.

Серік Ахметов премьер-министр қызметін 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың сәуіріне дейін атқарды. Биылғы сәуір айынан қазан айына дейін ол қорғаныс министрі болды. Бұл қызметтен оның "өз өтініші бойынша" босағаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG