Халықаралық су спорты федерациясының (FINA) шешімімен су добынан 2015 жылғы жастар арасындағы (ерлер) әлем чемпионаты Алматыда өтетін болып шешілді.
FINA Қазақстанның кандидатурасын бірден қолдаған.
Алматы 2013 жылы ересектер арасында бокстан, биыл ауыр атлетикадан әлем чемпионатын қабылдады. Бұл қала - 2022 жылғы қысқы олимпиада өткізуге кандидат.