Accessibility links

Мәскеу: Серіктеріміздің ұстанымына ықпал етпейміз


Рсеей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мемлекеттік думада сөйлеп тұр. Мәскеу, 19 қараша 2014 жыл.
Рсеей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мемлекеттік думада сөйлеп тұр. Мәскеу, 19 қараша 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Мәскеу өз "одақтастарын" Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп тануға немесе Грузиядан бөлінген жікшіл Оңтүстік Осетия және Абхазия аймақтарының тәуелсіздігін мойындауға мәжбүрлемейді деп мәлімдеді.

Бүгін мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінен кейінгі сұрақ-жауап кезінде Лавров Ресейдің пост-советтік елдермен құрып жатқан қауіпсіздік және экономикалық саласындағы ұйымдары "еліміз қауіпсіздігінің заңды мүдделерін қорғауға арналған" деді.

Лавров "Кейбір мәселелерде, оның ішінде Оңтүстік Осетия мен Абхазияның мәртебесіне, немесе Қырымның жағдайына қатысты біз серіктестерімізді өзімізбен бірдей ұстанымда болуға мәжбүрлемейміз. Себебі оларды кейбір мәселелерге байланысты ыңғайсыз жағдайға қалдырғымыз келмейді" деді Лавров.

Ресей наурыз айында Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алған соң бұрынғы совет елдері арасында "Мәскеу территориялық тұтастығымызға нұқсан келтіруі немесе сыртқы саясатымызға әмір жүргізуі мүмкін" деген қауіп пайда бола бастаған еді.

XS
SM
MD
LG