Қарашаның 24-і күні Қазақстанға Чехия президенті Милош Земан, 25-і күні Өзбекстан президенті Ислам Каримов ресми сапармен келіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.
Ақорда Чехия басшысының сапары екіжақты сауда-экономикалық, транспорттық, транзиттік, ауылшаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы қатынастардың нығаюына жаңа серпін береді деп күтіліп отырғанын айтады.
Өзбекстан мен Қазақстан басшылары сауда-экономикалық, су-энергетикалық, транспорттық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара байланыстарды талқыламақ.