Accessibility links

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 11 қараша 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 11 қараша 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 20-сы күні Астанаға ресми сапармен келген Швейцария президенті Дидье Буркхальтермен кездесті.

Ақорданың хабарлауынша, кездесуден кейін президенттер бірлескен баспасөз жиынын өткізген. Онда Назарбаев Қазақстан "мемлекеттілікті нығайтуда және түрлі салаларда саясат жүргізуде Швейцарияның тәжірибесін ұстанатынын" айтқан. Оның сөзінше, Швейцария - Қазақстанның 4-орындағы сауда әріптесі, екі ел арасындағы тауар айналымы - 4 миллиард 500 миллион АҚШ доллары.

Назарбаев бұған қоса, екі ел Украина дағдарысының тезірек шешілуіне мүдделі екенін де айтқан. Қазақстан президенті "Халықаралық саясатта біз бір көзқарасты ұстанамыз. Екі ел де Украина дағдарысы тезірек шешіліп, онда бейбітшілік орнағанын қалайды" деген.

Буркхальтер "Швейцария Қазақстанның маңызды экономикалық әріптесі" екенін айтып, "екі ел ынтымақтастықтың жаңа, келешегі бар жолдарын іздестіріп жатқанын" мәлімдеген.

Қазақстан мен Швейцария арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнаған.

XS
SM
MD
LG