Accessibility links

Ыдырысов: Украина мәселесін бейбіт жолмен шешу қажет


Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бүгін Швейцария президенті Дидье Буркхальтермен кездесіп, халықаралық мәселелерді, оның ішінде Украина дағдарысын талқылады.

Сыртқы істер министрілігінің хабарлауынша, кездесуде Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Украинадағы дағдарысты тек бейбіт түрде, басқа да елдердің ара ағайындық жасауы арқылы ұлттық диалог өткізу жолымен шешілуін қолдайтынын айтқан.

Ыдырысов бұған қоса биыл ЕҚЫҰ-да төрағалық рөлін атқарып жатқан Швейцарияның іс-қимылын қолдайтынын ұйым аясында алда тұрған міндеттерді орындаудағы рөлін жоғары бағалаған.

XS
SM
MD
LG