Accessibility links

Геннадий Головкин: Астанада жекпе жек өткізгім келеді

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Назарбаев университетінде жанкүйерлерімен кездесті. Астана, 22 қараша 2014 жыл.
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Назарбаев университетінде жанкүйерлерімен кездесті. Астана, 22 қараша 2014 жыл.

Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің бір жекпе жегін Қазақстан астанасында өткізгісі келетінін айтты. Бұл тілегін ол бүгін Астанада баспасөз мәслихатында жеткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«Астанада бокс жекпе жегін өткізсем деген үлкен тілегім бар, ол жоспарымды Астана әкімімен кездескенімде айттым, дәл қай кезде екенін айта алмаймын, бірақ ондай жекпе жек өткізуге болады» деген ол.

Астанадағы Назарбаев университетте өткен кездесуде танымал боксшы өзі көптен күткен қазақстандық жанкүйерлерімен жүздесуге қуанышты екенін айтып, спорттағы жетістіктері, алдағы жоспарлары, жеке өмірі мен отбасы туралы сұрақтарға жауап берген.

Геннадий Головкин 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысқалы бері 31 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, 28 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Биыл Головкин үш рет рингке шығып, барлығында бәсекелесін нокаутпен жеңген.

Геннадий Головкинмен Астанадағы кездесуден фотогалерея

Головкинмен кездесу

Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихатында алдағы уақытта өзінің бір жекпе жегін Қазақстан астанасында өткізгісі келетінін айтты. «Астанада бокс жекпе жегін өткізсем деген үлкен тілегім бар, ол жоспарымды Астана әкімімен кездескенімде айттым, дәл қай кезде екенін айта алмаймын, бірақ ондай жекпе жек өткізуге болады» деді ол.
1/10 Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихатында алдағы уақытта өзінің бір жекпе жегін Қазақстан астанасында өткізгісі келетінін айтты. «Астанада бокс жекпе жегін өткізсем деген үлкен тілегім бар, ол жоспарымды Астана әкімімен кездескенімде айттым, дәл қай кезде екенін айта алмаймын, бірақ ондай жекпе жек өткізуге болады» деді ол.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Қазіргі таңда әлемдегі ең мықты нокаутқа түсіргіш боксшылардың үштігіне енген Геннадий Головкин өзі көптен күткен жерлестерімен бүгінгі кездесуге қуанышты екенін жеткізді.
2/10 Қазіргі таңда әлемдегі ең мықты нокаутқа түсіргіш боксшылардың үштігіне енген Геннадий Головкин өзі көптен күткен жерлестерімен бүгінгі кездесуге қуанышты екенін жеткізді.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
«Мені аңыз жасаудың қажеті жоқ. Кәсіпқой бокстағы жолымды мен жаңадан бастадым» дейді орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин.
3/10 «Мені аңыз жасаудың қажеті жоқ. Кәсіпқой бокстағы жолымды мен жаңадан бастадым» дейді орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Астанадағы кездесуде Головкинге кәсіпқой бокста сынға түсіп жүрген қазақстандық тағы бір спортшы Қанат Исламмен жекпе жек өткізу туралы сұрақ қойылды. «Қанат Исламмен кәсіпқой жекпе жек ұйымдастырудің әзірше қисыны жоқ. Салмағымыз да, рейтингтегі жағдайымыз да әр түрлі. Бұл әңгімені Қанаттың айтқанына күдігім бар. Мен оны және бапкерін жақсы танимын. Жеке басын құрметтеймін» деді Головкин.
4/10 Астанадағы кездесуде Головкинге кәсіпқой бокста сынға түсіп жүрген қазақстандық тағы бір спортшы Қанат Исламмен жекпе жек өткізу туралы сұрақ қойылды. «Қанат Исламмен кәсіпқой жекпе жек ұйымдастырудің әзірше қисыны жоқ. Салмағымыз да, рейтингтегі жағдайымыз да әр түрлі. Бұл әңгімені Қанаттың айтқанына күдігім бар. Мен оны және бапкерін жақсы танимын. Жеке басын құрметтеймін» деді Головкин.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Чемпион отбасы туралы сауалдарға да жауап берді. «Ұлымның қазіргі өсіп жатқан жағдайына қарасам, ол өскенде боксшы болғысы келмейтін сияқты. Өзім де оның боксшы болғанын қаламас едім. Боксты өмірлік ұстанымың етуіңе өскен орта итермелейді» дейді Геннадий Головкин.
5/10 Чемпион отбасы туралы сауалдарға да жауап берді. «Ұлымның қазіргі өсіп жатқан жағдайына қарасам, ол өскенде боксшы болғысы келмейтін сияқты. Өзім де оның боксшы болғанын қаламас едім. Боксты өмірлік ұстанымың етуіңе өскен орта итермелейді» дейді Геннадий Головкин.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Головкин шенеунік болу өз жоспарында жоқ екенін айтты. «Осыған дейін маған шенеуніктік қызмет ұсынған емес. Басшылық салаға ауысып кеткен спортшылар жеткілікті. Ол – әркімнің өз таңдауы. Ал, өз басым болашақта шенеунік болуды ойлаған емеспін» деді ол.
6/10 Головкин шенеунік болу өз жоспарында жоқ екенін айтты. «Осыған дейін маған шенеуніктік қызмет ұсынған емес. Басшылық салаға ауысып кеткен спортшылар жеткілікті. Ол – әркімнің өз таңдауы. Ал, өз басым болашақта шенеунік болуды ойлаған емеспін» деді ол.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Есімі жұртқа танымал чемпион жерлесімен кездесуге Назарбаев университетіне көп адам жиналды.
7/10 Есімі жұртқа танымал чемпион жерлесімен кездесуге Назарбаев университетіне көп адам жиналды.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Геннадий Головкин Астанадағы Назарбаев университетінің құрметті қонағы кітабына тілек жазып отыр.
8/10 Геннадий Головкин Астанадағы Назарбаев университетінің құрметті қонағы кітабына тілек жазып отыр.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Назарбаев университетінің құрметті қонағы кітабындағы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы.
9/10 Назарбаев университетінің құрметті қонағы кітабындағы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен Астанадағы Назарбаев университетінде өткен кездесуге қатысушылар.<br />
&nbsp;
10/10 Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен Астанадағы Назарбаев университетінде өткен кездесуге қатысушылар.
 
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

​
XS
SM
MD
LG