Таразда бүгін қазақ күресінен «Еуразия барысы» екінші халықаралық жарысы өтті.
Жарысқа 12 елдің балуандар құрамасы қатысып, өзара күш сынасты. Құрамында Абзал Арыстанбеков, Қайрат Ағыбаев, Дәулетхан Жақыпов, Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров бар Қазақстан құрамасы алғашқы айналымдарда Қытай мен Тәжікстан командаларын 5:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Грузия балуандарын 4:1 есебімен жеңді.
Финалда Қазақстан мен Моңғолия құрамалары кездесіп, 4:1 есебімен Моңғолия спортшылары жеңіске жетті. Үшінші орынды Грузия құрамасы алды.
Жеңімпаз командаға сыйлыққа елу мың доллар, екінші орынға – отыз мың доллар, ал үшінші орынға – он мың доллар берілді.
Былтыр алғаш ұйымдастырылған «Еуразия барысы» жарысының финалда Қазақстан Моңғолияны ұтқан еді.